Жамбыл облысында жасөспірім оқ тиіп, қайтыс болды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 01:58 pixabay.com
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және зерделеу мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

14 жастағы бала досымен бірге далада құстарды атқан. Олар қаруды рұқсатсыз ата-анасынан алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы жылдың 9 қарашасында Меркі аудандық полиция бөліміне орталық аудандық ауруханаға пневматикалық қарудан алған дене жарақатымен түскен Тескентоған ауылының 14 жастағы тұрғынының қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тергеу-жедел тобы ата-анасының рұқсатынсыз қару алған марқұмның досымен бірге далада құс атқанын, сол кезде оқтан жараланғанын анықтады, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және зерделеу мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған орай, барша ата-анадан өз балаларына мұқият болуды, заңда белгіленген тәртіпке сай тіркелген қаруды сақтауды сұраймыз! - деп ескертті полициядағылар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: