Оқушы қыз туған күніне бір күн қалғанда көз жұмды
Zakon.kz
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды.
Алматы облысында мектеп оқушысын көлік қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат Instagram-да жарияланды.
Пост авторының айтуынша, апат жол жөнді көрінбейтін, кешкі қараңғы кезде болған.
Қыз пауэрлифтингпен айналысып, жаттығудан кейін үйіне келе жатқан. Ол ертең 16 жасқа толар еді, - делінген хабарламада.
Облыстық Полиция департаменті 9 қараша күні кешке "Ортатөбе-Үштөбе" автожолында жол апаты болғанын растады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 жастағы Toyota Mark II жүргізушісі Ортатөбе кентінің маңында солтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 15 жастағы қыз жол жиегінде келе жатқан. Оқушы оқиға орнында көз жұмды, - деді баспасөз қызметі.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript