Ақтөбеде 13 жастағы қыз бала 20 қабаттан құлап кетті
pixabay.com
ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақтөбеде 20-қабаттан 13 жасар қыз құлап кетті, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"17 қазанда сағат 18.45-те Ақтөбе қаласы 11 шағын ауданындағы № 112 “в” үйінің терезесінен 13 жастағы қыз бала құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Полиция жасағы үйдің кіреберісінің алдынан 2008 жылы туған қыз баланың мәйітін тапты. Ол 25 қабатты үйдің 20-қабатынан секіріп кеткен".
Бала алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның себептері анықталуда.
ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript