Жаңалықтар тізбегі
0

Пәтердің құнымен пара-пар аялдама. Орал қаласы

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2021 04:38 Zakon.kz
Дәл осындай аялдама жыл басында шаһардың екі жеріне салынған еді. Бірақ олардың құны қазіргіден 3 млн теңгеге арзан болған.

Оралда қаланың екі жеріне қоғамдық көлік тоқтайтын аядай нысандардың әр қайсысы 10 миллионға салыныпты. Бірақ сол қымбат аялдаманың өзі тұрғындардың көңілінен шықпайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атқамінерлер бұл мәселені құрылыс материалдарының қымбатшылығымен түсіндірді. Орнату жұмыстары мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Татьяна Ильичева, Орал қаласының тұрғыны:

10 миллион деген өте қымбат, әрине. Бұл ақшаға екі бөлмелі пәтер салып алуға болады. Аялдама үшін осыншама ақша жұмсау деген ақылға қонымсыз ғой.

Аялдамалардың ауданы 20 шаршы метрден аспайды. Қалың шыныдан салынған. Ішінде жазда ауаны салқындататын кондиционер және суық мезгілде қосылатын жылытқышы бар. Ұялы телефоныңызды қуаттап алуға бірнеше тоқ көзі қарастырылған. Дәл осындай аялдама жыл басында шаһардың екі жеріне салынған еді. Бірақ олардың құны қазіргіден 3 млн теңгеге арзан болды. Ол кезде де қарапайым болып көрінетін құрылыстың құны жұртшылықтың қытығына тиген.

Нұрлыбек Мұхамбетқалиев, БҚО жолаушы көлігі секторының бас маманы:

Аялдаманы салған жекеменшік компания әр нысанға 10 млн теңге жұмсаған. Бұл құжат бойынша да солай. Биыл, өздеріңіз білесіздер, құрылыс материалдарының бәрі күрт қымбаттап кетті. Сол үшін де аялдама құрылысы да арзанға бағаланған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: