Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандылық әйел 10 кітап оқып, абақтыдан босатылды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2021 05:33 Zakon.kz
Абақты басшылығының айтуынша, "Шексіз оқу" жобасына 50-ден астам әйел қатысуда. Елімізде тұңғыш рет қолға алынған акция оларға үлкен үміт сыйлады.

Қарағанды облысында сотталған әйел 10 кітап оқығаны үшін абақтыдан босатылды. Бұрынғы сотталушы Лидияның қуанышында шек жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Салықтан жалтару" бабымен бес жылға сотталған әйел екі жылын АК 159/9 әйелдер түзету мекемесінде өтеген. Ол акция туралы естігенде бірден көркем әдебиеттерді оқуға кіріскенін айтады. Жәй оқи салмай, түсініп, тіпті мазмұнын баяндаған соң ғана марапатқа қол жеткіздім дейді. Ол осылайша қалған үш жылын қысқартып, мерзімінен бұрын босатылды. Енді туған қаласы Өскеменге жол тартпақ, делінген Астана телеарнасының сюжетінде.

Лидия, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, БҰРЫНҒЫ СОТТАЛУШЫ:

Мен салықтан жалтарғаным үшін сотталдым. Құрылыс компаниясында жұмыс істеп жүріп, осындай жағдайға тап болдым. Бостандыққа мерзімінен бұрын шығуыма мүмкіндік берген түзету мекемесінің басшыларына, жалпы ұжымға алғысым шексіз.

Абақты басшылығының айтуынша, "Шексіз оқу" жобасына 50-ден астам әйел қатысуда. Елімізде тұңғыш рет қолға алынған акция оларға үлкен үміт сыйлады.

Назира ҚАДЫРОВА, АК 159/9 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жаза мерзімін қысқартуға немесе мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға таптырмайтын мүмкіндік. Кітап оқу арқылы олардың ой- өрісі де кеңейеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: