Жаңалықтар тізбегі
0

Өз-өзіне қол жұмсамақ болған павлодарлық 17 жасар қыз жан сырымен бөлісті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2021 23:57 Сурет: zakon.kz
Қазір Алина колледжде оқып, макияж суретшісі болуды армандайды. Қыз тағдырдың қалауымен дәріханашымен болған оқиғаға риза екенін айтады.

Өз-өзіне қол жұмсамақ болған павлодарлық 17 жастағы қыз жан сырымен бөлісті. Кейіпкердің өтініші бойынша, оның есімі өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz тілшісіне ол өз өлімі туралы қорқынышты ойды қалай жеңгенін айтты.

Алина мектеп қабырғасында оқып жүрген кезден бастап өмірмен қош айтысу жайлы ойлағанын айтады. Оқу, үйдегі проблемалар және жеке өмірдегі қиындықтар....

- Мен үшін мектеп бағдарламасын меңгеру қиын болды, анам мен әкем үнемі жанжалдасатын, соңында ажырасуға бел байлады. Өзімнің ішкі жай-күйімен бөлісетін достарым да болмады. Бір сәтте осы қиындықтың барлығы шешілмейтін болып көрінді. Осыдан кейін үнемі өлім туралы ойлай бастадым. Содан кейін мен өмірмен қош айтысатын бір күнімді таңдап, оны күнтізбемде белгіледім, - деді павлодарлық.
Ол кезде психолог оларға сыныпқа келіп, психикалық денсаулықтың маңыздылығы туралы айтқан. Бірақ бұл Алинаға әсер ете қоймаған және бәрібір жаман ойдан арыла алмаған.

Уақыт өткен сайын күнтізбедегі белгіленген күн жақындай бастаған. Ол бұл күнді екі түрлі сезіммен күткенін мойындайды. Бір жағынан қорқыныш болса, екінші жағынан жеңілдік туралы ойлар болғанын айтады.

- Менің өлімім тек маған ғана емес, мектеп жиналысында мұғалімдердің жаман пікірлерін тыңдауға мәжбүр болған ата - анама да өмірді жеңілдетеді деп ойладым, - дейді Алина. – Мен өмір сүргім келмеді. Жалғыздықты сезініп жүрдім. Ата-анам маған күнде ұрысып, қол жұмсайтын.

Осылайша ол тамырларын кесу немесе биіктіктен секіру туралы ойлай бастайды. Интернетке кіріп, қандай әдістер бар екенін қараған. Ақырында ол көп мөлшерде ұйықтататын дәріні ішіп өлу туралы шешім қабылдаған.

- Дәріханаға баяу қадамдармен бара жаттым. Менің өмірімнің бақытты сәттері ойға келді. Туған күнім, жаңа жыл және ата-анаммен Түркияда өткізген демалыстарым көз алдыма елестеді. Дәріханада ұзақ кезекте тұрып, дәріханашыға дәрінің аты жазылған қағазды беріп, он пачкасын беруді өтіндім. Дәріхана қызметкері күте тұруды бұйырып, алыс бөлмеге кетті. 15-20 минуттан кейін полиция қызметкерлері дәріханаға кіріп келді. Мені сол әйелдің қырағылығы құтқарған шығар. Ол күдіктеніп, 102-ге қоңырау шалған. Қызметкерлер ұзақ уақыт бойы менен соншама ұйықтататын дәріні не үшін қажет екенін сұрады. Мен ештеңе ойлап таба алмай, өлгім келетінін айттым да жылап жібердім, - дейді Алина.

Полиция Алинаны бөлімге апарып, ата-аналарын шақыртқан. Бойжеткен үйде ата-анасы оны қатты жазалайды деп қорыққан. Алайда, келген соң әкесі қызын құшақтап, оған ешкім ұрыспайды деп уәде берген.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметкерлері қызды психиатрға апарып, кейінге қалдырмауға кеңес берген.

- Мені психиатрға және психологқа апарды. Олар менің ата-анаммен де сөйлесті. Анам маған көп көңіл бөле бастады. Қазір біз онымен дос сияқты болып кеттік. Құпиялармен бөлісеміз және бір-бірімізге іштегі дүниемізбен бөлісеміз. Мен қорқыныштан арылдым немесе өзімді өте жақсы сезінемін деп айта алмаймын. Бірақ мен өзгерісті сезінемін, енді өмірдегі барлық мәселелердің шешілетінін білемін, - дейді ол.

Қазір Алина колледжде оқып, макияж суретшісі болуды армандайды. Қыз тағдырдың қалауымен дәріханашымен болған оқиғаға риза екенін айтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: