Таразда көлікті айдап қашқан ұры балалар алаңқайына соғылды
polisia.kz
Hyundai маркалы көлік үй иесінің есік алдынан ұрланған. Полицияның жүйелі жұмысы нәтижесінде, ұрлықшы ұсталды.
Тараз тұрғыны көлігі ұрланғанын айтып, полицияға арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Hyundai маркалы көлік үй иесінің есік алдынан ұрланған. Полицияның жүйелі жұмысы нәтижесінде, ұрлықшы ұсталды.
Ұрлықшы қала аумағынан кетуге асыққаны сонша, есік алдындағы балалар ойнайтын алаңқайға соғылған. Газды бар күшімен басқан қаскөй, ақырында көліктің рөліне ие бола алмай қалған. Содан кейін көлікті тастап, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Алайда тәртіп сақшылары оны ұстап алды. Ер адам Тараз қаласының УҰИ-ға қамалды. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 200-бабы, 1-бөлігі, "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript