Таразда өмірден түңілген 22 жастағы қыз көпірден секірмек болды
pxhere
Депрессияға түскен екен.
Жас қыз Тараздағы көпірден секіріп кетпек болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнде полицияға әйел адам көпірден секіруге тырысқаны туралы хабар келді.
Оқиға орнына келген полицейлер қызды өз-өзіне қол жұмсау әрекетінен құтқарды.
22 жастағы қызды полиция бөліміне патрульдік полиция батальонының қызметкерлері капитан Абдрахманов Айдын және аға лейтенант Мирибилдаев Рауан алып келді, ол депрессияға түскен соң өз-өзіне қол жұмсауға бел буғанын айтты, - деп хабарлады Жамбыл облысының баспасөз қызметі.
Психологтар қызбен профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript