Өмірден түңілген өзбек Алматыда түнгі 4-те көпірден секірмек болды
Алматы полициясы көпірден секіріп кетпек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, кезекші пультіне таңғы 04:00 шамасында Саин-Төле би қиылысындағы көпірдің қырында бір ер адамның отырғаны туралы хабарлама түскен.
"Буран-093" жол партуль экипажы оқиға орнына жедел жеткенде суицид жасамақ болған адамның қасында тағы біреу жүрген. Жолдан өтіп бара жатқан такси жүргізушісі таң атпай көпір үстінде отырған адамға көмектеспекке әрекеттеген. Полиция қызметкері әлгіні бұл әрекетінен бас тартуға үгіттеп жатқан кезде, басқалары көпірдегі автокөлікті тоқтатып, оқиға орнын қоршауға алды. Бірнеше уақыттан соң құқық қорғаушылар оны көпірден шығарып алды.
Әуезов аудандық полиция басқармасының хабарлауынша, Өзбекстан азаматы өзіне қол салмақ болған.