БҚО-да туған ағасына қатты ұқсайтын жігіт шекарашыларды алдап кетпек болды
sputniknews.kz
Ресейге ағасының паспортымен өтіп бара жатқан 1985 жылы туған азамат ұсталды. Құжат оның өзінен екі жас үлкен бауырына тиесілі екені анықталды
Батыс Қазақстан облысында бөтен адамның паспортымен жүрген қазақстандық ұсталды, деп хабарлады sputniknews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі не сілтеме жасап.
"Батыс шекарадағы Орал шекара отрядына қарасты "Сырым-авто" өткізу бөлімшесінде шекарашылар Ресейге қарай жекеменшік "Мерседес" автокөлігімен өтіп бара жатқан қазақстандықты ұстады. Ол тексеруге ұсынған паспорттағы сурет бір қарағанда дәл өзінікі сияқты көрінгенімен, шекарашылардың қырағылығының арқасында құжаттың бөтен адамға тиесілі екені анықталды", — деп жазылған хабарламада.
Тексеру кезінде паспорт 1985 жылы туған азаматтың өзінен екі жас үлкен туған ағасына тиесілі екені белгілі болды. Шекарашылардың қырағылығын "тексерген" азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігі бойынша жазаға тартылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript