"Батыс Еуропа — Батыс Қытай" тас жолында жүк көліктері аударылды
Жамбыл облысының аумағында, "Батыс Еуропа — Батыс Қытай" тас жолында жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиғаның негізгі себебі – жолдағы көктайғақ пен жолдың нашар көрінуі.
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жеті автомобиль соғысқанын айтты. Бірнеше ауыр жүк көлігі тас жолда тайғанап, аударылып қалды.
Аталған жол апатында бір де бір адам зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жәйі анықталып жатыр.Жамбыл облысының ПД
Жамбыл облысында ауа райы нашарлап, қар жауып, жол тайғақ болып тұр. Тұман да басылар емес. Сол себепті полиция күшейтілген режимге көшті.
Полиция жүргізушілерде жол және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, автомобильдің техникалық жағдайын тексеруге, жаяу жүргіншілер жолында мұқият болуға шақырады.
ПД ауа райы қолайсыз болғандықтан, жүргізушілерге мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауға кеңес береді.