Қызылордада көлік өзенге батып, жүргізушісі мерт болды
Сурет: zakon.kz
Автокөлікте болған жолаушы жағаға өз күшімен жүзіп шыққан.
Қызылордада 29 қарашада таңертең өзенге көлік құлап, жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сырдария өзеніне құлаған автокөлік туралы ақпарат Қызылорда полиция басқармасының "102" пультіне 29 қараша күні сағат 4:20-да келіп түсті.
Daewoo Nexia көлігінің 27 жастағы иесі Алтын Орда көшесімен келе жатқан. Бір уақытта белгісіз себептерге байланысты көлік аударылып, өзенге құлап кеткен.
Автокөлікте болған жолаушы жағаға өз күшімен жүзіп шыққан, ал жүргізуші өз орнында қалып кетіп, мерт болды.
Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр, сараптама тағайындалды. Оқиға орнына ТЖД-ның арнайы техникалық құралдары, жедел-құтқару жасағы жетіп, суға батқан автокөлік өзеннен 9:00 шамасында шығарылды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript