Ақтаулық құтқарушылар суға батып бара жатқан екі адамды құтқарды

Ақтаулық құтқарушылар суға батып бара жатқан екі адамды құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 09:39 Сурет: pixabay
Ақтау қаласы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен Шора су арнасы ауданында 350 метр қашықтыққа жүзіп, жағаға өз бетінше жете алмаған екі ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар жедел жәрдем келгенге дейін олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Маңғыстау облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бектас Мұратовтың айтуынша, екінші құтқарылған адамға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Айта кетейік, 1 маусымда Қызылорда облысында Сырдария өзенінде екі бала суға батып кетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: