Тараздық құтқарушылар суға батып бара жатқан екі қызды аман алып қалды

Тараздық құтқарушылар суға батып бара жатқан екі қызды аман алып қалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 09:29 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Тараз қаласында демалушылар арасында рейдтік алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Айдос Әбілда 12 және 10 жастағы екі қыз құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалар әкесімен бірге су қоймасының жанында демалыста болған. Жүзу кезінде екі қыз да суға бата бастаған. Абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде келіп, қыздарды құтқарды. 

"ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз!",- деп ескертті ҚР ТЖМ. 

Сондай-ақ, Абай облысындағы құтқарушылар суға батып бара жатқан 21 жастағы қызды аман алып қалды. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: