Алматыда құтқарушылар суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды
Фото: Zakon.kz
Алматыдағы Сайран көлінің аумағында құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алды.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 15 маусым күні болған. Патрульдеу барысында Құтқару қызметінің мамандары суға батып бара жатқан қызды байқап қалған.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, қызды судан алып шыққан. Зардап шегушіге қажетті көмек көрсетілді.
ТЖД өкілдері азаматтарды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға және қиын жағдайға тап болған кезде жақындары мен мамандардан қолдау сұрауға шақырды.
Сонымен қатар мамандар Сайран көлінде шомылуға қатаң тыйым салынғанын еске салды. Сондықтан тұрғындар мен қала қонақтарына қауіпсіздік талаптарын сақтап, рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеу ұсынылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript