Алматы облысында полицейлер ер адамды құтқарып қалды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 12:59 Фото: Zakon.kz
Талғар ауданында полиция қызметкерлері суда қалып қойған жергілікті тұрғынды құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, кешкі уақытта ер адам Талғар өзенінің шағын аралшығына өткен. Алайда кенеттен күшейген ағыс оның өз бетімен жағаға шығуына мүмкіндік бермеген.

Көмекке полицейлер жетті. Талғар ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Нұрғалиев аға лейтенанттар Арман Сарманов және Еркебұлан Сәкеновпен бірге оқиға орнына жедел жетті.

Жағдайды бағалап, зардап шегушінің өміріне төнген қатерді ескерген басқарма бастығының орынбасары суға өзі түсіп, қатты ағынға қарамастан ер адамды жағаға шығарып алды.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында азамат құтқарылды. Полиция қызметкерлері бұл оқиға – өзгенің қауіпсіздігі үшін өз өмірін қатерге тігуге дайын ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігі мен жанқиярлығының жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: