Алматы облысында өрт салдарынан 34 адам далада қалды

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2021 21:57 Сурет: Zakon.kz
Зардап шеккендерге мемлекет тарапынан көмек көрсету мәселесі қарастырылып жатыр.

30 қарашада сағат 18:15-те Төңкеріс ауылында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сегіз пәтерлі барак типті үй өртенді . Алты пәтерді өрт шалып, оның ішінде екеуінің шатыры жанған.

Абырой болғанда, тұрғындар дер кезінде үйден шығып үлгерді.

Оқиға орнына түнде Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов шұғыл жетті.

Белгілі болғандай, барак типті үйде барлығы 34 адам тұрады. Оның 16-сы - бала. Өртенген алты пәтерде барлығы 30 адам тұрған, оның 15-і - бала.

Үйдің жалпы аумағы - 288 шаршы метр. Үй 1952 жылы қамыстан салынған.

Оқиға орнына Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов шұғыл жетті. Қазір пәтері өртенгендер туыстарының үйін паналауға мәжбүр. Бірақ өтініш түсіп жатқан жағдайда ондай адамдарды уақытша пәтерлерге орналастыру мәселесі шешілетін болады. Талғар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аудан әкімі Құрылыс және әлеуметтік қорғау бөлім басшыларына үйді қалпына келтіруді тапсырды.

Зардап шеккендерге мемлекет тарапынан көмек көрсету мәселесі қарастырылып жатыр.

Шығын есептеліп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: