Риддерде көлік қаққан баланың жүрегі тоқтап қалды
![Бала қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 20:49](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-85529fb7-b5ae-4a83-b99f-735b2d47632e/800x451.webp)
Реанимациялық шаралар өзіндік нәтиже бермеді. Дәрігерлер баланың өлімін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апатына ұшыраған 10 жасар баланың қайтыс болғаны туралы Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Оқыс оқиға 7 қарашада Риддер қаласында Айдарханов көшесінде орын алды. 10 жасар Никитаны қоқыс төгуге шыққанда жол талғамайтын көлік қаққан.
Баланы Риддер қалалық ауруханасына жеткізді: жағдайының ауырлығына байланысты оны орталыққа тасымалдау мүмкін болмады. Қалаға облыс орталығынан және республикалық жетекші клиникалардың бірінен мамандардың өздері келді.
Қалалық полиция департаменті қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі, "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеліп соғуда жол қозғалысы ережелерін бұзуы" деп қайта сараланғанын жеткізді.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі, Mitsubishi автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі сол күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.