Ақтауда музыка үшін егес жаппай төбелеске ұласты
Сурет: Zakon.kz
Төбелеске қатысушылардың бірі атап өткендей, көңіл-көтеретін мекемеде олар бір музыкалық композицияға бірнеше рет тапсырыс берген. Өз кезегінде бұл көрші үстелде отырған жігіттерге ұнамай қалады
4 желтоқсанға қараған түні Ақтауда тура жолдың үстінде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жастардың жаппай төбелесі қаланың 27-ші шағынауданында тіркеліп, видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Lada.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полицейлер шұғыл жетті.
Төбелеске қатысушылардың бірі атап өткендей, көңіл көтеретін мекемеде олар бір музыкалық композицияға бірнеше рет тапсырыс берген. Өз кезегінде бұл көрші үстелде отырған жігіттерге ұнамай қалады. Алдымен төбелес іште болып, артынан ол көшеде ұласқан.
Барлығы алты адам ұсталғаны атап өтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript