Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да 5 притон табылып, 14 жезөкше ұсталды

Өскемен мен Семей жезөкшелері ШҚО ПД баспасөз қызметі
«Stop-трафик» ЖПІШ қорытындысы

ШҚО аумағында ағымдағы жылдың 22 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өткен «Stop-трафик» шарасы барысында тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстауының және жеңгетайлықтың 5 фактісі анықталды, олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі тұлғалар өз кінәларын мойындады,  енді олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ШҚО ПД баспасөз қызметі

Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) 46 факті және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 2 факті анықталды, олардың барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Профилактикалық есепке 17 адам қойылды, оның ішінде «жеңгетай» санаты бойынша – 3 адам, «жезөкше» санаты бойынша – 14 адам.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: