Алматыда бағдаршамға тоқтамаған жеңіл көлік қыз бен жігітті қағып кетті
Сурет: Zakon.kz
Қыз оқиға орнында көз жұмды
Бүгін түнде Алматы қаласындағы Абай-Алтынсарын көшелерінің қилысында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бір адам мерт болды, екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлердің айтуынша, Skoda Superb маркалы көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп, жолдан өтіп бара жатқан қыз бен жігітті қағып кеткен.
Қатты соққыдан 50 метрдей жерге ұшып кеткен қыз жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды.
Жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Ал көлік жүргізушісі оқиға орнынан жасырынбақ болып, тоқтамастан кетіп қалған. Дегенмен Саин көшесіне дейін барып, көлігін тастап, оқиға болған жерге қайтып келді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript




