Павлодарда жолда отырған ер адамды көлік қағып кетті

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2021 11:37 Сурет: Zakon.kz
Ер адам оқиға орнында көз жұмды

Жол апаты Жібек жолы көшесіндегі қалалық қоқыс үйіндісінің маңында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, полиция департаментінің баспасөз қызметі оқыс оқиға 9 желтоқсан күні сағат 21:45-те орын алғанын жеткізеді. Shacman автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Ер адам жолда отырған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, делінеді департамент хабарламасында.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: