Алматыда 16 жастағы жасөспірім 20-қабаттан секіріп, мерт болды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2021 13:49 Сурет: Zakon.kz
Қайғылы оқиға кеше түнде өрт болған "Алтын бұлақ-2" ТК жанында орналасқан тұрғын үй кешенінде болған

11 желтоқсан күні таңертең Алматыда 2005 жылғы жасөспірім "Манхэттен" тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бозбала алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Қылмыстық істі Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеуге алды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Мән-жайларды анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Қайғылы оқиға кеше түнде өрт болған "Алтын бұлақ-2" ТК жанында орналасқан тұрғын үй кешенінде болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: