Жаңалықтар тізбегі
0

Өрт болған "Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешеніне біртіндеп жарық беріле бастады

Тұрғындар талабы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2021 11:56 Сурет: Zakon.kz
Аталған блок тұрғындарынан үйде болуды және барлық электр жабдықтарын ток көзінен ажыратуды сұраймыз - Алмалы аудандық әкімінің аппараты

Алматыда өрт болған "Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешеніне біртіндеп жарық беріле бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмалы аудандық әкімі аппаратының хабарлауынша, түнде 3 подъездің 5 блогында уақытша электрмен жабдықтау монтажы аяқталды. Енді әр пәтерді тоққа қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін түнде 3 подъездің 5 блогында уақытша электрмен жабдықтау монтажы аяқталды. Енді әр пәтерді желіге қосу жұмыстары жүргізілуде. Аталған блок тұрғындарынан үйде болуды және барлық электр жабдықтарын тоқ көзінен ажыратуды сұраймыз. Сонымен қатар 3 блокта бүгін аяқталуы жоспарланған дайындық жұмыстары басталды. Сондай-ақ, бүгін төрт пәтердің сыртқы есігін қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Алмалы аудандық әкімінің аппараты

Айта кетсек, 11 желтоқсанда түнде өрт шығып, 120-ға жуық тұрғын эвакуацияланған "Алтын Бұлақ-2" ТК тұрғындарымен кеше кездескен Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов тұрғын үйге кешке дейін жарық беруге уәде берген. Өйткені өрт кезінде тұрғын үйдің электр желісі қатты зақымданған, кейбір пәтерлер де бүлінген. Сондықтан қазіргі уақытта тұрғындардың бір бөлігі қонақ үйлерде тұруға немесе пәтер жалдауға мәжбүр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: