Атырау облысында үсті қан, жартылай жалаңаш ер адам мектеп ауласына кіріп келген

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2021 17:04 Сурет: видеодан алынды
Аталған азаматтың екінші топтағы мүгедек екендігі анықталды, бірақ ол мас болған ба, әлде психикалық ауытқушылығы бар ма, ол жағы нақты айтылмады

10 желтоқсанда Атырау облысында үсті қан-жоса, жартылай жалаңаш ер адам мектеп ауласына кіріп, оқушыларды шошытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Атырау облысы, Мақат ауданы Доссор ауылындағы С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты алдында болған. Мектептің ауласында қолына тақтай сияқты бірдеңе ұстаған, үсті қан, жартылай жалаңаш жүрген ер адамды терезеден көрген оқушылар оны видеоға түсіріп алған. Одан кейін оны "Біздің мектепте маньяк жүр" деген сипаттамамен желіге жүктеген.

"Ақ Жайық " баслымының мәліметінше, 36 жастағы ер адам Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі айналма жолдың ортасында тұрған субұрқақты сындырып кеткені туралы полицияға хабар келіп түскен.

Мектеп-интернатының шарбағына қашып кірген оны полиция қызметкерлері сол жерде ұстап алды. Атырау облысы полиция департаменті

Аталған азаматтың екінші топтағы мүгедек екендігі анықталды, бірақ ол мас болған ба, әлде психикалық ауытқушылығы бар ма, ол жағы нақты айтылмады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: