Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада мал қырылып жатыр

Мал ауруы, мал дәрігері, Қызылорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2021 16:30 Сурет: ШҚО полиция департаменті
Талдыарал ауылының тұрғындары дабыл қақты

Қызылордада тұрғындар малдың жаппай қырылуына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана телеарнасының жаңалықтар бөлімінің мәлімдеуінше, шаруалар бұған малекпенің кеш салынуы мен дәрігердің жауапсыздығын кінәлап отыр. Айтуларынша, мал дәрігерлері екпені уақытылы  салмайтын көрінеді. Соның салдарынан жұрт  қалған малымыздан да айрылып қаламыз ба деп алаңдайды.

Мал дерекқор базасына енбегендіктен осындай жағдай болды деген де болжам бар.

Тізімге енбеген ірі қараға екпе егілмейтін көрінеді. Сондықтан маман ауыл тұрғындарына малын  өз атына тіркеу үшін өтінім қалдыруға кеңес береді. Сонда ғана мемлекеттен бөлінетін екпеге ілініп, жоспар бойынша уақытында бақылауға алынатынын айтты.

Оған біз вакцина жоспарлай алмаймыз. Біз дерекқор базасында қанша бас бар соған вакцина жоспарлаймыз жылдың басында.  Сондай жағдайлар бар. Көбісі өз малдарын дерекқорға өтініш беріп енгізуі тиіс. Бірдейлендіру жұмыстары ол мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады. Сол себепті тұрғындардың өзі өтініштерін беруі тиіс.Қызылорда қалалық ветеринария станциясының директоры Нұрлан Төлегенов

Ірі қараның  жаппай қырылу себебі әлі белгісіз. Мамандар оған себеп жұқпалы аурулар дегенді жоққа шығарып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: