Гаитиде жанар-жағармай толы автоцистерна жарылып, 50 адам қаза тапты

Төтенше оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2021 20:18 Сурет: pixabay
Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтау үшін бірнеше сағат арпалысты

Төтенше жағдай елдің солтүстігіндегі Кап-Аитьен қаласында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС-тың хабарлауынша, 50 адам жарақат алды.

Өрт жергілікті уақыт бойынша түн ортасында (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00 шамасында) басталған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автоцистерна жолда төңкеріліп, осы ұрымтал сәтті пайдаланып, жанар-жағармай толтырып алу үшін сол маңдағы адамдар көлікке лап қояды. Біраз уақыттан кейін жарылыс болып, адамдар қаза тапты.

Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтау үшін бірнеше сағат арпалысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: