Көкшетауда жанар-жағармай бекетінде өрт болып, оператор қаза тапты
Сурет: Instagram/aqmola_tjd
16 ақпанда Көкшетауда жанар-жағармай таситын 2 автоцистерна отқа оранды. Өрт кезінде бекеттің операторы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақмола облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Көкшетау қаласындағы Солтүстік индустриялық аймақта "Qazaqoil" аумағында, тиеу-түсіру стансасындағы 2 жанар-жағармай таситын цистерналар отқа оранды. Өрт сағат 11-05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толықтай ауыздықталды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды ТЖД.
"Өрт салдарынан жанар-жағармай құятын автоцистернада болған 1988 жылғы аталған бекеттің операторы қаза тапты", делінген ТЖД хабарламасында.
Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

