Алматы облысында болған жол апатынан 9 айлық сәби қайтыс болды

Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы алматылық және тоғыз айлық нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz порталының мәліментінше, жол апаты 16 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының батыс бағытының 58 шақырымында болды.
Chevrolet Cruze автокөлігін Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының 26 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан. Ол Алматы-Бішкек автожолымен келе жатқан ВАЗ-21063 автокөлігіне соғылды. Ол көліктің рөлінде 59 жастағы Сарыбастау тұрғыны отырған.
Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушы болып келе жатқан Алматы қаласының 30 жастағы тұрғыны 9 айлық баласымен ауруханаға жеткізілді.
Ал Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Бала алған жарақатынан емдеу мекемесінде екі сағаттан кейін қайтыс болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript