Алматыда көлік аударылып, жолаушы зардап шекті
Сурет: Zakon.kz
Алматыда Шығыс айналма жолында автомобиль аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматыда Шығыс айналма автомобиль жолында жол апаты болды. Оқиға 22 желтоқсанда орын алған.
Honda CR-V автомобилі үлкен тас жол бойымен солтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Талғар трактісіне жетпей, белгісіз жағдайлар салдарынан көлік бір жаққа қарай жүйтки жөнелген. Нәтижесінде жол айырығынан ұшып кетіп, бірнеше рет аударылды.Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы зардап шеккен адамның Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.
Оқиғаның мән-жайын жол полициясы қызметкерлері анықтауда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

