Ішімдік шөлмегін ұрлаған күдікті бейнекамераға түсіп қалды
21 желтоқсан күні Талғар ауданы полиция бөліміне сатушы болып істейтін Қызыл Қайрат ауылының 34 жастағы тұрғыны хабарласып, ұрлық жасалғаны туралы мәлімдеген. Арыз иесі белгісіз ер адамның дүкенге сатып алушы ретінде келіп, касса маңында қол созым жерде тұрған ішімдіктер ішінен бір шөлмек арақты жымқырып кеткенін айтқан.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Талғар ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Н.Мұсапиров пен Ж.Сәрсенбаев күдіктіге тән айрықша белгілерді қарап, өздеріне бекітілген аумақта іздеу жүргізген. Олар келесі күні-ақ осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған 21 жастағы жергілікті тұрғынды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұстады.Талғар АПБ тергеушісі полиция аға лейтенанты Тимур Есенов
Күдікті бұған дейін өзі келтірген шығындарды өтеп, тараптардың өзара татуласуына байланысты жазадан құтылып жүрген. Ұсталған тұрғын дүкендегі бейнежазбаны көргеннен кейін ұрлық жасағанын мойындап, заңға қайшы келетін әрекеті үшін өкінетінін айтты. Дүкен иесіне келтірілген материалдық шығын өтелгеннен кейін іс бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.