Алматы әкімдігін шабуылдап жатыр

Шеруге шыққандар Алматы қаласының әкімдігін шабуылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz
Оқиға орнында болған тілшінің сөзінше, қала әкімдігі жанына жиналғандар қолдарына арматура, таяқ, қалқан ұстаған.

Сурет: Zakon.kz
5 қаңтарға қараған түні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай енгізу туралы жарлықтарға қол қойды.
Сол күні таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады. Премьер-Министр міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқаратын болады.
Кейінірек Мемлекет басшысы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөнінде кеңес өткізді, кеңес барысында сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылық ахуалына жол берген кінәлілер аталды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөнінде бірқатар қосымша тапсырмалар берілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript