Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі газға байланысты жағдайды қарастыруды тапсырды

Жаңаөзен, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2022 10:00 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс екенін қадап айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Сондай-ақ Президент Twitter -дегі парақшасында Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсыратынын жазды.

Оған қоса Мемлекет басшысы азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы барын, бірақ бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керектігін баса айтты.

Айта кетсек, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындарының сұйытылған газ бағасына қатысты наразылық білдіргені белгілі болды.

ҚР Энергетика министрлігі электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын саудалау 2019 жылы қолға алынғанын еске салды. Бұл процесс үш жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Осылайша 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар биржалары арқылы ТМД сауда-саттық алаңына толығымен өттік.

Маңғыстау облысында қаңтар айында сұйытылған газды жеткізуде бір тоннасы үшін орташа көтерме бағасы 133 126 теңгені немесе бір литрі 78 теңгені құрады. Бұл ретте Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау ауданында бөлшек сауда баға, мәселен сұйытылған газдың бір литрі 100-120 теңгені құрады.ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев бүгінгі таңда өңірде қажетті газ көлемі бар екенін атап өтті. Зауыттар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ал тауарды жеткізу кесте бойынша жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: Энергетика министрлігі газ бағасының неге көтерілгенін түсіндірді

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: