2020: Жеңіс парадынан тікелей трансляция жүруде

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2020 18:45 Pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери шеруге құрметті қонақ ретінде қатысады.

Бүгін - 24 маусымда Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс шеруі-2020 өтіп жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл салтанатты іс-шараға құрметті құрметті қонақ ретінде қатысады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен қатар салтанатты рәсімге Беларусь, Өзбекстан, Босния және Герцеговина, Қырғыз Республикасы, Молдова, Тәжікстан, Сербия, Оңтүстік Осетия, Абхазия елдерінің басшылары, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, ЕЭК басшысы Михаил Мясникович, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зас қатысады.

Шеруге 13 мың ресейлік әскери, 200-ден астам техника, оның ішінде 75 әскери ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған. Шара Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:00-де басталады. Оқиға орнынан ең ірі ресейлік БАҚ хабар таратады.

Еске сала кетелік, коронавирус пандемиясына байланысты алдында шеруді өткізуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Владимир Путин 26 мамырда халыққа жолдаған үндеуінде мәлім етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: