Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 13 экологиялық бекет өртелді
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында бұзақылардың әрекетінен 13 экологиялық бекет өртеліп, ал 4 бекет қиралып, тоналған, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазіргі кезде 4 бекетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, олар аптаның аяғына дейін іске қосылады. Ал 13 бекетті жөндеп, қалпына келтіру үшін көбірек уақыт қажет.Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы
Басқарманың хабарлауынша, өртелген бекеттер сүріліп, орнына жаңа бекеттер орнатылып жатыр.
Бекеттер қалпына келтірілгеннен кейін жауапты қызметкерлер өлшеу жұмыстарын жалғастыратын болады.
Сурет: Zakon.kz
Жасыл экономика басқармасындағылар төтенше жағдай аяқталғаннан кейін уақытша айыппұл салынбайтындығын атап өтті.
Жаңа экологиялық бекеттер жұмысының қайта толық қалпына келуі туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript