Жаңалықтар тізбегі
0

“Қазатомөнеркәсіп” кәсіпорындарынан мұнай ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысы, ұйымдасқан қылмыстық топ Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен Түркістан облысы полиция департаменті Созақ ауданында “Қазатомпром” кәсіпорындарынан аса ірі көлемдегі жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауар-материалдық бағалы заттарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz ақпараттық ресурсында жарияланған мәліметке сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 10 адам болған, арасында сотталғандар мен деструктивтік діни ағымдарды ұстанушылар бар. Олар бопсалау, кәсіпкерлерге “қамқорлық жасаумен” және бұзақылықпен айналысқан.

Криминалдық ортада өздерінің ұстанымдарын нығайту үшін қару қолдана отырып, есеп айырысулар жасаған. Тінтулер барысында қылмыскерлерден есірткілер, атыс қаруы, күмәнді діни әдебиет, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат, “қара бухгалтерия” блокноттары және “Қазатомпром” кәсіпорындарынан ұрланған материалдық бағалы заттар табылды.Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 197 (Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сатып алу), 287 (Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, сату және сақтау) және 296 (Есірткі құралдарымен заңсыз іс-әрекет) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз