Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің денесі табылды — күдікті ұсталды

Шымкент, қоқыс жәшігіндегі мәйіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2022 13:27 Сурет: Pixabay
Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің денесі табылды. Полицейлер күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу тобы құрылып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу тобының жұмысымен бейнекамералар тексеріліп, аймақтағы тұрғындардан жауап алынды. Нәтижесінде, Шымкент қаласының тұрғыны 1970 жылы туылған азамат ұсталды. Ол өзінің іс-әрекетін толық мойындап отыр.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: