Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда колония аумағындағы дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тәркілеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2022 22:05 Сурет: pixabay
Нұр-Сұлтандағы колониялардың бірінің аумағындағы дүкен иесі сотталғандарға азық-түлік жеткізіп қана қоймай, интернетке шығатын, түрлі функциямен жабдықталған телефонмен де қамтамасыз етіп жібермекші болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Оны колония қызметкерлері мекеме аумағына кіру кезіндегі тінту кезінде анықтады. Дүкен иесі мекеме аумағында орналасқан дүкеннен мерзімі өткен өнімдерді шығару үшін мекеме аумағына жеңіл көлікпен өтпек болған. Тексеру кезінде колония қызметкерлері жеңіл көліктің артқы орындығының астынан зарядтау құрылғысы бар ұялы телефон тауып, тәркіледі.

Сотталған адамдар мен олардың жанашырларының қиялын болжау мүмкін емес. Олар тыйым салынған заттарды ерекше жолдармен жасыруға тырысады. Алайда қызметкерлер сотталғандар мен олардың жанашырларының айлаларына үйреніп қалған, — деді мекеме бастығының режимдік-жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Айтбеков. 

    

Дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы материалдар сотқа жолданды.

Ол өзінің осы іс әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: