Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтардағы тәртіпсіздік: тергеу изоляторына барған құқық қорғаушылар қандай заң бұзушылықтарды анықтады

Алматы, митинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2022 17:10 Сурет: Zakon.kz
Азаматтардан медициналық көмек көрсетпеу, ұрып-соғу және басқа да ар-намысты қорлайтын әрекеттерге қатысты өтініштер келіп жатыр. Бұл туралы Адам құқығы жөніндегі орталықтың Азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөлімінің басшысы Салтанат Нұрымбетова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Қаңтар оқиғасында және одан кейін азаматтардың құқығы сақталуы туралы айтатын болсақ, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына азаматтардан ұсталғандар мен қамауға алынғандарға қатысты заң бұзушылықтар туралы арыз-шағымдар әлі де түсіп жатыр. Қазір олардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін бүгінде құқық қорғаушылар адам құқықтары жөніндегі уәкілдермен және үйлестіру кеңесінің мүшелерімен бірге тергеу изоляторларына, арнайы қабылдау орталықтарына барып жатыр.Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөлімінің басшысы Салтанат Нұрымбетова

Салтанат Нұрымбетованың айтуынша, биыл 13 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Қазақстанның 16 облысында 115 профилактикалық іс-сапар жүргізілген.

9 ақпандағы жағдай бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына 62 жазбаша өтініш түскен. Оның 32-сі — тергеудің заңсыз әдістеріне, атап айтқанда физикалық күш қолдану және қатыгездік көрсетуге қатысты өтініштер. Қалған өтініштер негізсіз қамауға алу, соттың әкімшілік жазалау туралы қаулысымен келіспеушілік, медициналық көмек көрсетпеу, адвокатты жібермеу туралы.

Тергеу изоляторларында, арнайы қабылдау орталықтарында болған азаматтар ұрып-соғу, қатыгездік және басқа да ар-намысты қорлайтын әрекеттер туралы хабарлады. Олар қысыммен процессуалдық құжаттарға қол қоюға мәжбүр болғанын, қамауға алынған алғашқы күндерде алған жарақаттарына байланысты адвокаттармен сөйлесе алмағанына, ауызсу және тамақ, медициналық көмек болмағанын айтты.Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөлімінің басшысы

Сарапшы Қазақстанда төтенше жағдай 5-19 қаңтар аралығында енгізілгенін және сол кезде құқық қорғаушылар төтенше жағдай туралы заңның тиімді жұмыс істемейтінін көргенін еске салды. Өйткені онда ережеге қатысты төтенше жағдайда халыққа жедел әлеуметтік, психологиялық көмек көрсету және тағы басқа қызметтер орындалмағанын айтады.

Сонымен қатар маман тіпті тәртіп сақшыларының өздеріне психологиялық көмек көрсету мүмкін емес екенін атап өтті.

Болған оқиға тәртіп сақшыларының өздеріне психологтардан қолдаудың жоқ екенін көрсетіп отыр. Осыған дейін балама бұлтартпау шараларын қолдану тетігі жұмыс істемейтінін, яғни қамауға алудың орнына ешқайда кетпеу, үйқамаққа алу, жеке кепілдік және басқа да шаралар қолдану туралы бірнеше рет айттық. Автоматты түрде жаппай тұтқындаулар мен қамаулар жағымсыз оқиғаларға себеп болып, адамдардың және олардың туыстарының наразылығын тудырып отыр.Салтанат Нұрымбетова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: