«Қазгидромет» алты облыста дауылды ескерту жариялады

Тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 18:46 Сурет: pixabay
16-17 ақпан күндері еліміздің 6 облысында тұман басады. Осыған байланысты синоптиктер дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыстар бойынша дауылды ескерту:

  • 16 ақпанда түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында бұрқасын болады. Түнде облыстың батысында тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында жел екпіні секундына 15-20 м/с болады.

  • «Қазгидрометтің» хабарлауынша, 17-18 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында, шығысында және Жезқазған қаласында тұман болады.

  • 17 ақпанда Ақтөбе облысының батысында тұман басады.

  • Ал Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады деп болжанды. Атырау қаласында 17 ақпан түнде және таңертең тұман болады.

  • 17 ақпан Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Орал қаласында 17 ақпан түнде және таңертең тұман басады.

  • Синоптиктер 17-19 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болуы мүмкін деп болжады.

Еске сала кетейік, синоптиктер 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, 33 градусқа дейін аяз болатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: