БҚО-да есірткі тасумен айналысқан қыз ұсталды

Батыс Қазақстан облысы, есірткі тасымалы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 17:28 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті есірткіні заңсыз тарату фактісі бойынша 19 жастағы қыз ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде алты пакетке бөліп салынған 4,37 грамм және қырық пакетке бөліп салынған 26,92 грамм зат табылды. Сарапшы жасаған қорытындыға сәйкес,тәркіленген заттар синтетикалық есірткі – мефедрон екені белгілі болды.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: