Жүйелі түрде ақша бопсалаумен айналысқан БҚО-ның төрт тұрғыны ұсталды
Сурет: polisia.kz
19 қазанда Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп, кәсіпкерлерден жүйелі түде ақша мен қымбат ұялы телефондарды бопсалаумен айналысқан Орал қаласының төрт тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, шығын 10 млн теңгені құраған, ал күдіктілер деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылады, бұрын бірнеше рет сотталған.
"Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript