Медицина университетінің сотталған студенті түрмеде дәрігерлерге көмектесіп жүр
Сурет: Zakon.kz
Мекеме басшылығы болашақ дәрігерге мекемеге келген бойда сотталғандарға медициналық көмек көрсетуді ұсынған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болашақ дәрігер Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бес жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір дәрігер жай адамдарды емес, сотталғандарды емдеуге көмектесіп жүр.
Жас жігіт мекемеге Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 5-курсында оқып жүргенде түскен. Медицина кадрларының тапшылығы көп байқалатын мекемеде Ернардың көмегі орасан зор.
Ернар көбіне медициналық бөлімді дезинфекциялауға қолғабыc болады. Қазір тәжірибе жинақтап алған, өте алғыр, тез үйренеді. Дипломы жоқ, бірақ фельдшер ретінде де көмегі тиеді. Ең бастысы Ернар оқуға оралып, дәрігер болу үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды армандайды. Еңбекке деген құлшыныспен оның арманына қол жеткізуге болатынына нық сенімдіміз, - деді ЕС-164/3 мекемесінің бастығы әділет полковнигі Валихан Байтасов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript