Катовицеден шығатын арнайы рейспен қанша қазақстандық ұшып келеді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Екінші репатриациялық рейс Катовицеден ұшып, Нұр-Сұлтанға келеді. Бортта 120 адам бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Air Astana Украинадағы Қазақстан азаматтарын елге жеткізуді жалғастырып жатыр. Airbus A320 (148 орын) бортында 120 жолаушы бар. Екінші репатриациялық рейс Катовицеден 1 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:44-те ұшып, Қазақстанның астанасына 21:35-те жетеді, – деп хабарлады әуе компаниясының хабарламасында.
Сонымен бірге елге ұшуға ниет білдірген қазақстандықтардың тізімі жасақталуына байланысты келесі рейстер орындалатыны туралы айтылды.
Барлық қазақстандық Қазақстан үкіметімен келісім бойынша өз отанына тегін жеткізіледі.
Алматыға 28 ақпанда қазақстандықтар мінген алғашқы арнайы ұшақ ұшып келді.
Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевтың айтуынша, 657 қазақстандық эвакуациялау бойынша өтініш білдірген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript