Жаңалықтар тізбегі
0

Кішкентай «қашқын» шымкенттіктерді әбігерге салды

бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 14:07 Сурет: pixabay
Бірер күн бұрын №60 «Тараз» балабақшасының бүлдіршіні жоғалып кеткен. Тәрбиеші баланы әжесіне қарай алып шыққан. Бірақ бала қашып кеткен. Оның балабақша аумағынан қалай жүгіріп шығып кеткені беймәлім, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, «қашқын» бүлдіршінді табуға 30 минут кетті. Тіпті полицияға хабарлауға тура келді.

Бүлдіршіннің жоғалып кетуіне байланысты 5 қызметкер жазаланды. Осы оқиғадан кейін балабақша әдіскері А.Құралбаева, «Жұлдыз» тобының мұғалімі А.Низтаева, кезекші тәрбиеші М.Аширова және балабақша тәрбиешісі К.Юнусов «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен қатар «Тараз» мемлекеттік балабақшасының меңгерушісі Қ.Байхарашева да жауапқа тартылды. Еңбек кодексінің 64-бабының 2-тармағына сай әйелге сөгіс жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: