Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы дәріханаларында есірткі препараттары сатылған

дәрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 18:11 Сурет: pixabay
Алматыдағы дәріханалары есірткі препараттарын сатқаны туралы екі дерек тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Polisia.kz жазды. Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетовтың айтуынша, қаланың кейбір дәріханаларынан құрамында есірткі бар дәрілерді табу оңай болып кеткен.

Қаланың кейбір дәріханаларынан құрамында есірткісі бар препараттарды сатып алу қиын емес. Ұйықтататын дәрі рецептсіз сатылады, бағасы 1500 теңге ғана. Осылайша, Айнабұлақ-2 шағынауданында біздің бөлімшенің қызметкерлері Жетісу аудандық Полиция басқармасымен бірлесіп, 28 жастағы Ш есімді азаматты ұстады. Одан бір орам ұйықтататын дәрі табылып, тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол препаратты аудандағы дәріханалардың бірінен сатып алған.Ерлан Алмағамбетов

Қаланың Алатау ауданынан тағы бір есірткі препараты әуесқойы ұсталды. 20 жастағы И есімді азамат тамшы препаратын рецептсіз сатып алған.

Ішкі істер министрлігінің бастамасымен кейбір дәрілік препараттарды күшті әсер ететін заттардың қатарына қосу арқылы сатылуын бақылау күшейтілді. Бұл ҚР Үкіметінің 10.06.2021 жылғы №396 “Адамның өмірі мен денсаулығына зиянын тигізетін күшті әсер ететін заттардың тізімін анықтау туралы” қаулысында көрсетілген.Ерлан Алмағамбетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: