Астанада колледж студенті есірткі сатумен айналысқан

Есірткі арнасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 16:27 Сурет: Zakon.kz
Астанада полицейлер есірткі сатқан студентті құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астаналық полицейлер елордалық колледждің 3-курс студентін ұстады. 18 жастағы студенттің пәтерінен екі келіден астам "гашиш" табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, тінту кезінде электронды таразы, өлшеп-орау ыдыстары және есірткі құралдарын өлшеп-орауға арналған құрылғылар да табылып, тәркіленді.

Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қазіргі уақытта елордаға есірткіні жеткізу арнасы анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: