Алматыдағы дәмханалардың бірінің бас аспазы есірткі сатумен айналысқан

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2025 14:29 Фото: polisia.kz
Алматыда қоғамдық тамақтану орындарының бас аспазы есірткі сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер есірткі сатты деген күдікпен жергілікті дәмхананың аспазын ұстады. Полицияның мәліметінше, ер адам жұмысын заңсыз заттарды сату үшін пайдаланған.

Ол гашиш есірткі затын жұмыс орнында сатқан, дәмхананы өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін пайдаланған.

Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралардан кейін аспаз ұсталды. Ұстау және тінту нәтижесінде есірткі және есірткінің заңсыз айналымына қатысты басқа да заттар тәркіленді. Ұсталған азамат қамауға алынды.

Қазір қылмыстық іс-әрекеттің барлық дерегін және оған басқа адамдардың қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: