Қостанайда өндірістік копперативтің атын жамылған қаржы пирамидасы әшкере болды
Сурет: Zakon.kz
Қостанайда «GАР» өндірістік кооперативінің атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Қаржылық монитринг агенттігінің хабарлауынша, кооператив жеке тұлғалардан 30 000 теңгеден 480 000 теңгеге дейін ақша алып, табыс тауып келген.
Активтерді қайта бөлу арқылы кейбір қатысушылар басқалардың жарналары есебінен табысқа кенелген.
Ұйымның кеңсесінде кооператив қызметі туралы жарнамалық брошюралар, салымшылардың тізімі, кооператив пен салымшылар арасында жасалған электронды форматтағы шарттар және т.б. табылды.Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
Қазір осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр, тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript