“650 мың теңге ұттыңыз”: ақтөбелік алаяқтың арбауына түсіп қалды

Алаяқтың арбауына түскен, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 19:09 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде алаяқтар “жалған” аккаунттар ашып, әртүрлі сылтаулармен сіздің ақшаңызды иемденуге әрекет жасайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мысалы, 8 наурызда 43 жастағы ақтөбелік Instagram әлеуметтік желісінде лотереядан 650 мың теңге ұтып алғаны және ұтысты алу үшін шағын сыйақы қажет екендігі туралы хабарлама алған.

Жәбірленуші еш ойланбастан өз ұтысын қолма-қол ақшаға айналдыруға асығып, алаяққа көрсетілген банктік шотқа 19 мың теңге аударған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: